Posted in

БАСЫНАН ҚҰС ҰШЫРМАДЫ

Асты-үстіне түсіп, қамқорлық жасады, алақанына салып аялады, мәпелеп күтті. ~ Не тындырып жүргенін кім білсін, әйтеуір, Қарлығаш оның басынан құс ұшырмайды. Қ.Жұм. ~ Байымның баласын өзіне бер! Ана қыздардың бауыры боп өседі. Басынан құс ұшырмаймын, кенже қызым екеуіне емшегімнің сүті әбден жетеді, өзім асырап, өзім өсірем, – деп, бала жатқан бесікті көтере жөнеледі ғой. А.Сәб. ~ Әйтеуір қазақ байқұстікі әманда шамасы келсе келген қонақтың басынан құс ұшырмау. Б.Қыд. ~ Қаны сыртына тепкен, топ- толық, қара домалақ бала бір ауылдың басынан құс ұшырмас еркесі атанып, жақсы өсіп келеді. Қ.Жұм.