Posted in

БАСЫНАН ТАЯҚ КЕТПЕДІ (АЙЫРМАДЫ)

Көрген қорлығы таусылмады, зорлық-зомбылықтан көші ашылмады. ~ Нағима бұл елге ауыр кінәні арқалап келген болды. Абысын-ажынның табасына қалды. Жұрт күлкісіне ермек болды. Басынан таяқ кетпеді. Б.Май. ~ Сартжан сол камерада отырып, мойыны ырғайдай болып азады, аузына тамақ тимейді, басынан таяқ кетпейді. Б.Қыд. ~ Байы басынан таяқ айырмай отырса да, ел өсегінен аяқ алып жүргісіз болса да, соның ешбірін елең қылмай, өтірік жайдарлықпен күні өтетін арсыз, намыссыз адам ғой — деп ойлайтын еді Жұмакүл мұны. Б.Май