Posted in

БАСЫНДА БІР ШАЙНАМ АҚЫЛ ЖОҚ (БОЛСА БҰЙЫРМАСЫН)

Топас, мисыз. ~ Өзіне де обал жоқ: басында бір шайнам ақылы бар кісі бұрын талай тас лақтырысқан әлдебіреуге барып жағдай айта ма?! О.Сәр. ~ Жарма есіктің сыртынан келін мен ененің сөзін тындап тұрған Қарасай шошаланың кілтін аша берген Жәміштің білегінен ұстай алып зірк етті:
– Өй, есуас неме! Ми бар ма сенде өзі. Мына басыңда бір шайнам ақыл болса бұйырмасын. Неменеге апың кіріп, күпің шығып аптығып жүрсің. Қайда жібермексің Ақбөпені? С.Жүн.