Posted in

БАСЫП ОЗДЫ

Қуып жетіп, алдына шықты, артта қалдырды; басқалардан асып кетті, мерейі үстем болды. ~ Сүгір осы тартыстан, осы шертістен жаңылмаса, «Телқоңыр» бұрынғы күйлердің бәрін басып озатындай. Т.Әл. ~ Қарақшыға жүз құлаштай қалғанда, Ұлықбек аттары ұмтылып кеп кетті. Шалды басып озып əкесінің атымен қатарласа түсті. Э.Хэм. ~ … бар жоғын үстіне жапсырып тойға бара жатқан мұжықтар мен қатындарды арбакеш басып озды. И.Бун. ~ Келдібай таласқа қызынып алған сияқты: — Қуып жетіп, басып озды деген осындай болады! Демесіні факелінен айрылған соң аңсады ғой, бұл кісі, — деді. Ғ.Сл.