Posted in

БАУРАП АЛДЫ

а) Ырқына көндірді, дегенін істетті. ~ Бұл жолы да қырсығып болмады ажал, баурап алды жас қызды емін-еркін. Қ.Сат.
ә) Өзіне тартты, еліттірді, құшағына алды. ~ Міне, осындай тұста Төлеген Айбергенов лирикалары өзінің қуатты күшімен, кең де алымды қарымымен көпшілікті баурап алды. Ш.Сар. ~ Біздің ауыл жақсы ғой, шіркін! Қандай қонағың келсе де баурап ала қояр табиғаты тамаша. Н.Ораз.