Posted in

БАУЫЗДАУ (БАУЫЗДАР) ҚҰДА

Қызды айттыруға бірінші келген адамды, оған арнап мал сойылатын дәстүрге орай осылай атаған. ~ Осы жолы бауыздау құдасы Уайысты әдейі аңсап келген сияқты. Жүдеп жүрген көңілі семіріп қалды. – Атажұртыңның бір шетін өрт, я дерт шалса, оның жайылмайтын, уламайтын аман жері қалмас. Т.Рыск. ~ Құдағи жағы бар болғанымен, еркек кіндіктіден Алашыбайдан өзге бауыздау құда менде жоқ. Ә.Асқ. ~ Әйтпесе, сiздi айтады, есi кiресiлi-шығасылы, үйiн сатқызып жiберер де Жақыпжанға ерегiсiп, сосын өзi далада қалар… – Қарашы, бауыздар құдаң өстiп айтқанда, өзге ел есекке терiс мiнгiзер мына түрлерiмен. Ш.Құм.