Posted in

БАУЫР БАСТЫ

а) Жақсы көріп, жақын тартты. ~ Шаруаның сөзінше шөлді жерлерге де төзімді бұл ерекше құс жабайы болғанымен, Түркістанға бауыр басып, тез жерсінген. БАҚ. ~ Ол Асқарға әбден үйір боп алған еді, ұзақты күнге айналып қасынан шықпайды. Асқар да оған бауыр басып кетті. Ә.Әл.
ә) Үйреніп қалды, қимайтын болды. ~ Көк теңіздің төрт тарабын тегіс жайламай, өздерінің өрісіне жақын пұшпағына бауыр басып кеткен. Ү.Жәл. ~ Жұртқа бауыр басып отырып қалған орнын бірден тастап кету оңай емес. Және басты себеп бұл емес. Ә.Әл.