Айтыла-айтыла таптаурын болған тақырыпты қайта қозғады. ~ Шыныңды айтшы, осы сенде үйленетін ой бар ма, жоқ па? – деді Көбей сол баяғы «әніне» басып. Ә.Асқ. ~ Тағы бастадың ба баяғы әніңді, – деп Бас дәрігер қақылдап жөтеліп, өз–өзіне келе алмай, ойбайын салып, телефон құлағын лақтырады–ай. Әсемнің басына ыстық қан шапшиды. Жанарынан ытқыған жас мөлт тамады. Д.Дос. ~ Бүгінде басшымызға ғана емес, халқымызды да басынып барады. Желтоқсан көтерілісінен кейін тәубесіне келіп, тізгінін сәл тартып еді, арада аз уақыт өтісімен баяғы әніне қайта басты. С.Дос.
