Posted in

БЕДЕЛІ АРТТЫ

Жұрт көзінде абыройы өсті. ~ Жақсысы Советтің көрнекті адамының біздің жағымызға шығуы. Бұл ел арасында біздің беделімізді арттыра түседі. Б.Қыд. ~ Жұмықтың тұңғыш үкірдайы, Меккеге барып келгелі Еңсе қажы атанады. Осы беттегі Жұмықтын басын құрап, Еженханға бағындыру жөнінде көп еңбек сіңірген адам. Кейінгі кезде үкірдайлығын баласы Таңғытқа өткізіп, өзі үйінде құдай жолын ұстанып жатқанымен, ел ішіндегі беделі арта түспесе кеміген жоқ… Қ.Жұм. ~ Естуімше, мәйітті жерлеуге апарарда машина біткен тізіліп, қаралы шеруді бастайтын болса керек. Неғұрлым машина саны көп болса, соғұрлым беделі артатын көрінеді… Әй, ондай бедел мәйітке енді қажет те емес қой… С.См.