Тынышын алды, әбігерге салды, берекесін кетірді. ~ Жылан жылғы жұт, былтырғы құрғақшылық елдің бей-берекетін алған ба, әлде өкімет өзгерген соң сауда-саттыққа бұрынғыдай кеңшілік бермеген бе – әйтеуір, базар басы бұрынғыдай сапырылысып жатқан жоқ. Б.Тоғ. ~ Баһадұр жайында алып қашты сөз көп. Біреуі мақтайды, біреуі даттайды. Ол жөнінде парторгтың да ойы екі ұдай. Соңғы жылдары «уыздай ұйып отырған» тыныш елдің бей-берекетін алыпты. Б.Тоғ. ~ Күн сәскеге таяды. Ала шабыр бұлт кенет түсін өзгертіп батыс жақ қарауыта бастады. Аяқ астынан көтерілген ызғар жел онсыз да терісіне сыймай тұрған күтушілердің бей-берекетін алды. Б.Тоғ.
