Posted in

БЕЙІЛ ТАНЫТТЫ

Көңіл білдірді, ықылас қойды, жылы шырай көрсетті. ~ Оған ыстық ықылас білдірмеген және ол не тілесе соны орындауға бейіл танытпаған бикеш бар ма еді? М. Серв. ~ Ер адамдар ығысып, Еркешке дастархан мәзіріне жақын орынға отыруға шақырды. Бірақ ол оған ыңғай көрсетпеді. Дем алатын бейілін таныта, жоғарыдағы жатын орнына қайтып көтерілді. К.Өтж.