Posted in

БЕЙІЛІ КЕҢ

Қолы ашық, жомарт, ақ пейіл жан. ~ Бәйбіше мырза, бейілі кең. Сүйекті сырлы піспекпен. Күңірентіп келіп пісетін. Аралас сырбаз жас етпен. Бар еді әдет ішетін. Б.Күл. ~ Былтыр, оқу бітер кезде, алған әйелінен ажырасып, екінші әйел алып үлгерген. Жора-жолдасқа бейілі кең жігіт. Қысылғам жоқ сонда келіп түстім. Б.Соқ. Орман мен Олжабайдан туды төбет Бір қудай аямақ-ақ берген дәулет. Кеңес қылар үй екен бейілі кең Атанған жиылыста «құтты суат». Жаяу Мұса. ~ Сырт көзге түксиіп, жұғымсыз көрінгенмен Сегізбай, жалпы, жаман адам емес. Әсіресе, жора-жолдасына бейілі кең. Б.Соқ.