Дөрекі, әдепсіз сөйлейтін адам. ~ Жын-жыбырмен шатасқан аулақтау жүр нәкәстан, Берекелі сөз шықпас бейпіл ауыз бақастан. И.Сап. ~ Қаңқу, күңкіл дүниесінің бейпіл ауыз жандары күбір-сыбырдың талайын жоқтан бар ғып, қопсытып та көрді. Ғ.Сл. ~ Айтарым екі сөз. – Бірі – мына бейпіл ауыз жігітке, денесінің ең майлы жерінен қырық қамшы дүре соғыңыз. І.Ес. ~ Сонан болар, ешкім де бұған тіл тигізіп, бейпіл ауыздығын шыжғырып бетіне баса салмайды. Қ.Түм. ~ Лұғатқа енбеген, кітапқа кірмеген балағат сөздер де сиректеді. Сөгістің жеті атасын білетін бейпіл ауыз Дон қазағы старшина Павел Хомичук те қатты күйінген, не қайран қалған кездерде сөгінуден арылып келеді қазір. М.Кәр.
