А) Әлдебір құбылыстың кеңінен таралуы туралы; етек алды. ~ Ақыры, күдік жеңілді де, батылдық бел алды. Жаудың Кезекті атакасын тойтарғаннан кейін мен Горюныны тастап шығыңдар деп батальонға бұйрық бердім. Ә.Нұрш. ~ Басқа салды — көндім деп, қиянатшыл иттерді әбден дандайсытып жібергенбіз. Осы мына дүниеде қара ниеттілердің бел алып, күшейіп тұрғаны, әділдердің әлсіздігінің арқасы. Ә.Тар.
ә) Әл жинады, қуат алды, арқа сүйеді. ~ Долының саудасы біте бастағанын Сүлеймен анық байқады. Есін жинап, бел алып, кеудесін жазыңқырап отырды. Өзінің де алқынып, терлеп кеткенін жаңа сезінді. Б.Соқ. ~ Ақтардың ендігі баратын бетін зерттеп, хабарландық. Біздің Перми қаласын алғанымызды хабарланып, бел алған жоғарғы командованиеден жаңа бұйрық келді. C.Бег.
б) Бағыт алды. ~ Байдың егін орағы аяқталған кезде тәтем жылдағы емсектік кәсібін істеп Белағаштың поселкесін аралады. Мен ат бағамын. Тағы біраз астық жинап алып, елге қайтуға бел алды. Елдің қыстауға баратын күні болып қалды. C.Бег.
