Posted in

БЕЛ БОЛДЫ

Демеу болды, дем берді. ~ Өзі жалақор, арызқұмар Құсайынға мына заң бастығының кейінгі сөзі мүлдем бел болып егдейіп үйіне келді. С.Бег. ~ Осылардан басқа арызға бел болғандай тағы бір ерекше жай, «Мамозы салған ойраннан шошынған екі қабат әйел бала тастады. Ж. Ахм. ~ Асанның отрядына бел болған жағдай, біріншіден – Қызыл Армияның жақындап қалуы болса, екіншіден – құлақ естір жерде: орыстан да, қазақтан да, басқа ұлттардан да осы сияқты отрядтардың көп құрылуы. С.Мұқ.