Posted in

БЕЛ КӨТЕРМЕ

Ат әбзелі. ~ Сатай да шанадан түсіп, торы дөненнің о жақ, бұ жағына шығып, бел көтермені туралап, доғаны ырғап көрді. Жал-құйрығы, құлағының ұшы ақ қырау дөнен ауыздығын қаршылдата шайнап-шайнап, бір-екі рет дүр сілкіне пысқырынып қойды. С.Мұр. ~ … қамыт-саймандарды кеше ғана майлап қойған, қарға
сүйретілмесін, су болады; айтпақшы, бел көтерме тартпаны ұмытып кетпегей, сонан соң «Тастөбедегі» шанаға жеткенше терлік тоқымды астына салып, мініп баруы керек, әйтпесе тақымын ойып алады… тағы басқа да осындай ақылдарын шұбырта тізіп айтып жатыр, айтып жатыр. С.Мұр.