Posted in

БЕЛІ БҮГІЛГЕН

Қаусап қартайған, жасы жеткен. ~ Сөйтіп шалқып тұрған шаңырақтың шамы жалп етіп сөніп, құлазыған жұртта күңіреніп бірі – төртінші, бірі жетінші оқитын екі бүлдіршін қыз бен белі бүгілген кемпір ғана қалған. Т.Сәу. ~ Бір мезгіл Тұтанға көзі түсіп еді, белі бүгілген қарт отырғандай көрінді. Қ.Ысқ. ~ Белі бүгілген, көзінен сорасы жылтыраған аппақ сақалды бір шал таяғын демеу етіп алай да, былай да жүрді. М.Дәу.