А) Уайым қылды, жаны ауырды, азап шекті. ~ Сасқан үйрек артымен жүзедінің кері. Біздей пақырға өзің қол ұшын бермесең, кімнің белі қайысар дейсін. С.Жүн. ~ Әй, жігіттер, өлер Құлагер өлді. Енді жер жыла, көр жыла, орнын толтыра алмаймыз. Кімнің белі қайыспай отыр. С.Жүн. ~ Әкесі Янкель — деревнядағы жалғыз темір ұста, үйелмелі- сүйелмелі жеті баланы асырау қамында белі қайысқан шаруақор момын жан еді… Ә.Тар.
Ә) Ауыр жүктің салмағы батты. ~ Кейбірі тіпті арба, көлік іздемей-ақ белі қайысып, қапты жаяу арқалап барады. Б.Қыд. ~ Бала есегінің белі қайысқанша алтын теңдеп, күн шыға үйіне қайтқан. Т.Сәу.
