Бертінде, кейіннен. ~ Ел Азиядан тек шығуды ғана білмеген, Азияға қарай да ауған. Бері келе, капитал туып, кісіні кісі борсықтай сору шыққан соң, Еуропа халқы сору үшін Азияға көшіп ауа бастаған. А.Байт. ~ Бұрынғы кезде қазақтың бабалары да лашық тігіп жүрген. Бері келе шанышпа қос шыққан. Бұл күнде шанышпа қоста жазды күні кейде молдалар бала оқытады, қысты күні кірешілер ұстайды, жылқышылар тұрады. Бері келе жолмүй шыққан. А.Байт.
