а) Зілдей ауыр, зор. ~ Білегіне дейін сыбанып түріп алған оң қолында бауыры қорғасын, бес батпан зілдей ауыр қара найзасын тудай көтере ұстап, астындағы сарғылт қылшықты ақбоз атын ойнақтата «Абылайлап!» шапқанда, жан қарсы келе алмайтын. І.Ес. ~ Осыдан аз уақыт бұрын Қалжыр бойында өткен билер сотында Жетiбай құнының Тастайға соншалықты нелiктен бес батпан болып, ауыр түскенiн де iштей бағамдайтын. К.Сег. ~ Торғынға да сен басқарма бол, ең болмаса тамағың тоқ болады деймін. «Әкемнің қара орнын қайда қалдырам?» деп қиналады. Беделі бес батпан мұғалім. К.Қаз.
ә) Қалың, баттиған. ~ Уай, жүрші бермен, сен бермен (Суйреп ала жөнеледі.) Бетіңдегі бес батпан Кірді кім бар жуатын? М.Әу. ~ М ұ р а т. Бетіңнен бес батпан ұйқысын шайқап тастасаң, мордаң да қайтадан қалпына келіп қалар! .. Қ.Ысқ.
