Көптің ішінде әртүрлі адам болады. ~ Бес саусақ бірдей емес. Адамдар да ала-құла. Олардың да тайызы мен тереңі, аласасы мен биігі бар. Ал, түлғалар тіптен аз. С.Дос. ~ Бес саусақ бірдей емес дегенді сонау кішкене күнімізден естіп өстік. Сен де естідің. Ал, сол бес саусақтың бірдей еместігіне ешкімнің дауы жоқ. Ал, ол неге бірдей болмаған? Мүмкін адамның өзінің бірдей еместігін көрсететін үлгі шығар. С.Бақ.
