Өте жақсы біледі, сырына әбден қанық. ~ Біреу өлсе тайлы-таяғы қалмай барып топырақ салатын аядай ауылда кімнің қайда жатқаны бес саусақтай белгілі емес пе. Аяқ астынан пайда болған бұл неғылған қабір деп, жұрт көпке дейін аң-таң болып жүрді. Т.Сәу. ~ … Қазір… иә, иә, қазақ тілінен гөрі ағылшынша жақсы сөйлейді, ағылшын мемлекеттерінің тарихын бес саусақтай біледі. Кім кінәлы бұған? М.Қаб.~ Бұл өзеннің түсі бөлек. Кереге бояйтын жосадай күрең. Қорғасын кенінен ағатын өзен осы. Бұны жұрттың бәрі бес саусағындай біледі. Т.Әл. ~ Менің жайымды бес саусағындай біліп алған Бекет: – Əй, сен сірə осы араға түпкілікті пенде бола қоймассың- ау, есебі… З.Қаб. ~ Өзі би, өзі қожа. Ал сүйікті жары – Жолдасбектің күллі бітім- болмысын бес саусағындай біле тұра, күлмегенде қайтеді. Қ.Жиен. ~ Бір ғажабы: Дәулетов Лениннің еңбектерін тұтас оқығаны былай тұрсын, ол көсемнің қай жылы не жазғанын және қандай жағдайда жазғанын да бес саусағындай біледі. Х.Ес.
