Бұрын бала туған әйел. ~ Ұяты бар біреу кез келсе — құба-құп. Жеңіл-саяқ біреу килігіп, бозбаламен жыртыңдағанын көрсе, одан өлгені артық қой. Соны ойлайды да. «Бесік көргеннен» ойды қуады: «Есік көргенді» салмақтайды. Қайтып келген қатын тегінде жеңіл ойлы, ұятсыз болады деп жаратпайды. Ж.Айм. ~ Қызараңдағаны – беті ашылмағандығы ғой деп жорыды. Сүлейдің іздегені «беті ашылмаған» ғой, «есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген мақал Сүлейдің кеудесіне мықтап орнаған. Япырмай, ізденге сұрағандай мұндай дөп келер ме?!. Ж.Айм. ~ Сізге жас көрінгенімен, есік көрген, бесік көрген келіншек! «Ғашық-машық» деген желөкпемен жастай бір жылмақай кәсіпкер сымақка тұрмысқа шығып еді, екі жыл отасқан соң онысы бұдан да жас біреумен байланысып, ұшты-күйді жоғалып кетті!.. Б.Тоғ.
