Күшіне мінген, айбатты. ~ Біздің партиямыздың үрдісі солай – бесті айғырдай Бісекеміздің тізіміне іліккен сұңқылдардың бәрі ертең-ақ төбе-төбеге шоқиып-шоқиып отыра қалады, вот! Ғ.Қаб. ~ Естимісің, Әбділхан, ағаңның ән салғанын, бесті айғырдай кісінеуін қарашы? Әне, ана салдақы қыздың жауабын тыңдадың ба? Ұят-ай, өлім-ай! Ш.Айт. ~ Автостансаның алдында кездесе қалған екеу бесті айғырдай шұрқырасып қалысты. Ғ.Қаб.
