Posted in

БЕТ СИПАСТЫ

Құда болуға уәделесті, сөз байласты. ~ Ақбөбек бай қызы болса да басы байлаулы көп мұңлықтың бірі. Айттырулы жері бар. Онысы бір белді, шелді атаның тұқымы көрінеді. Есі кіргелі естіп келеді. Басында бата жасалып, бет сипасқан әке кесіміне қарсы тұрар қауқар аз. Ата салты, ел жоралғысы — құдалық заңына қазақтың қай қызы да бағынышты. Ү.Жлк. ~ Қуаныш үстінде Байбөрі Сарыбайға мойын бұрып: — Ау, Сарыбай, әуелі бел құда болып едік, енді бесік құда болдық.Байлықтың бақыт болмайтынын өзге білмесе де, сен екеуміз білеміз. Сондықтан тілегің қабыл болып, Тәңірім екі жастың жарасқан қызығын көруге жазсын!—деді. Отырған жұрт: — Аумин! — деп ұлардай шулап, бет сипасты. А.Сей.