Posted in

БЕТІ ЖАРЫҚ

Жүзі жарқын, көңілі тоқ. ~ Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Абай. ~ … Алланың дәргәйі алдына барғанда беті жарық болып, қияметтің қылкөпірінен өте берісте шымырлап қайнап жатқан тозақ отына құлап түсіп кетпей, жаннат босағасына жету… Ғ.Біл. ~ Сол бір күнді кейін ойыма алғанда да жүрегім зырқ ете түсер еді, бетім де дуылдап жүріп беретін. «Малдының беті жарық, малсыздың беті көншарық» деген қазақ осындайды айтса керек. Б.Қыд. ~ Ауыл болған соң мал асырамасаң тағы болмайды. Малдының жүзі жарқын, беті жарық… Ә.Асқ.