Posted in

БЕТІ ҚАТТЫ

Ашулы, жүрісі суыт, жүзі суық. ~ Сонша жерден қыз алып қашып, таң ата келген кісі шаңқай түсте шай ішіп отырғанда, 40 шақты кісі қуғыншы сау ете түсті. Беті қатты… қолдарында сойыл. Қырып- жойып, қызын тартып əкетуінде сөз жоқ. Ж.Айм. ~ Мына жаудың ‹‹қара тауға›› беттегені бізді жаңылту, біз орта қыстаудың басындағы кезеңнен тоссақ олар сол маңнан кезігеді, жаудың айласы күшті, беті қатты екен. Б.Жұм. ~ Софы ажарынан беті қатты бір қаталдықты байқаған шалдардың зәресі ұшты. Ә.Нұрп.