Шімірікпеді, ұялмай-қызармай өтірікті соқты. ~ Үш солдат аузына түскен өтірікті соққанда беттері шылп етпеді. Ғ.Мүс. ~ Үш айдан кейін келеді,— деді Елтай беті шылп етпестен. М.Қаб. ~ «Ардагермін, контузия алғамын, жәбір көрдім» деп жыланған соң қалай сенбесін. Содан тура милицияға тарттым»,— дейді беті шылп етпей. М.Қаб. ~ Аға, мен сіздің атыңызға сыртыңыздан қанықпын, менің әке-шешем Қарекентте сондай бір ағаң бар деп аузынан тастамай отырушы еді! — деп, беті шылп етпей өтірік соғып жіберді. Ә.Тар.
