а). Айтқанға көндірді, қарсылығын басты, ымыраға келтірді. ~ “Ендеше, ақыры мен жер аударылған екенмін, еліме қайтар жол жоқ екен, әкем мен шешемді жеңудің, бетін бері қаратудың басқа жолы жоқ екен… Мен неге осы Арасанбайға… ” Бұл сөйлемді аяқтауға қыз жүрегі дауаламады. Ә.Тар. ~ Аузын алдық, бетін бері қараттық деп, өздерінше мәз болып жүрсін. Қ.Жұм. ~ Алдымен саяқ кеткен Талай тайшаның балаларын шөкелетсем, Көкнордың бетін бері қаратсам, Күнделен мен Абылайлар қайда қашар дейсің”. С.См.
ә) Жағдайы оңалды. ~ Қазағымның патшасына қуат берсін, Құдайым! Көзі отты, сөзі түкпірлі, құжырлы көрінеді. Түбі жаман болмас… Елдің бетін бері қаратар… “- деп әжей қиялының буына семіріп, көңілі түлеп, күңкілдеп тұр. Т.Рыск. ~ Шипалы шөптің түбі мен тамырынан дәрі жасап, қайнатып ішкізіп, майлап жағып, шал аурудың бетін бері қаратты. С.См. ~ Әлсіреген келіншекті аяп, өздері де қан соқты боп жүдеп келе жатқан жылаулы жұрт Рухияның таңдайына су тамызып, ыстық ішкізіп, бетін бері қаратты. С.См.
