Posted in

БЕТІН ӘРІ ҚЫЛСЫН

Ондайдан құдай сақтасын. ~ Қарағай-ағаш біткен тамырымен қопарыла, теңкие-теңкие ағып жатты. Адам шығыны да аз емес болған… «Оның бетін әрі қылсын!» деп, Құмырсқа қыз жабайы алма төгілген етекте біраз отырды. Ш.Құм. ~ Алайда, ол жылдары адасқан бір қазақ жазушылары емес, бүкіл Кеңес жазушылары. Адастырған – уақыт. Адастырған – үкімет пен партия басшылары. Бетін әрі қылсын, бұл бір қиын кезең, қиын мәселе. Қ.Ерг. ~ Нақ осы уақытта кемпір керісінше ойлаған: шал ылғи пошты баланың алдынан шығады, сондықтан жақсы-жаман хабарды да сол бұрын еститіні күмәнсіз. Алла, бетін әрі ғылсын, ендеше. Ж.Нәж.