а) Біреудің орынсыз сөзін ұнатпай, тиып тастады, аузын жапты, меселін қайтарды. ~ Осы сен сөйлемеші, сен. Сен аузыңды ашсаң, жыным ұстайды,- деп бетін қайырып тастайды. Т.Әбд. ~ Бұл өзі мүлдем өлген кісі ме? Жоқ, өлмеген кісі ме? – деп, сұрайды. Қарт шыдай алмай: – Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! – деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. ҚЕ.
ә) Дұшпанның шабуылын тойтарды, қарсы соққы берді. ~ Бас душпанның бетін қайырған соң, Алпамыс қыздардың бір кездегі мыстанмен бірге келіп жасаған қаскөйлігін қаперіне де ілмеді. А.Сей. ~ Қалмақтардың бетін қайырған соң, ұзақ жылдар бойы, Орта жүздің шын мәнісіндегі әміршісі болып келген Абылайды Үш жүздің бас көтерер адамдары 1770 жылы ақ кигізге көтеріп хан сайлады. І.Ес.
