Бет-әлпеті жан түршігерлік күйге түскен. ~ Бет-аузы көкпеңбек ісік, киімі далба-дұлба. Пенжагының әр жерінде баттаса жабысқан қан. Бетіне адам қарағысыз аянышты. Аяғын әзер-әзер басады. Жел үрсе құлап кетердей. Солдаттар айдаған беті алаңның ортасына алып келді. І.Ес. ~ Ал еденде, кеудесіне пышақ сұғылған, фрактағы адам сұлап жатыр. Бет-жүзі әжім-әжім, солған, адам қарағысыз. Қызметшілер ол адамның кім екенін саусақтарындағы жүзіктерінен ғана білді. О.Уай. ~ Қатар ойнап- күліп өскен соң бірін- бірі қимай, іздей ме … Әйтеуір жаны бәйек таппайды. Көз алдында өлгенге қиналады- ау дейім, ондайда бетіне адам қарағысыз, бұзылып кетеді- ау, бұзылып кетеді. Қ.Ысқ.
Бет-жүзін адам шошырлықтай күйге келтірді, масқарасын шығарды. ~ Бұл Күлпаштың бүгінгі әдеті емес, көптен бергі әдеті. Жағын суалдырып, жүзін сарғайтып адам қарағысыз қылып барып, ақырында ісікке айналдырған осы әдет, осы шыдамдылық. Б.Май. ~ Малға жығып алдым. Жүздеп жылқы, бестеп жамбы, тай-тұяқ бердім. Не көрдім алғанда? Оң жақтан-ақ жанымды жылытып пейілін бір шешкен жоқ. Әкесінің үйіндегі қылжағы — еркелігі, асаулығы болсын. Ал ендігісі не? Жоқ, мен мұны еркінсіте алмаймын. Не жеңіп қатын: қылам, не бетіне адам қарағысыз етіп абиырын төгем… І.Жан.
