Posted in

БЕТІНЕ ҚАРАТПАДЫ

Ешкімді өзіне қарсы сөйлетпеді, адуынымен басып отырды. ~ “Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды” деп! .. Отау иесі болғанша бетіңе қаратпап едің, енді ел адамы болғанда да тілін шығармаймын деп әлекке түсесің! Қ.Ысқ. ~ Бүгінгі ана сені тіпті қайран қалдырды. Өзінің баяғыда жиынды жерде бір жанды бетіне қаратпай өрлеп сөйлейтін отты шағын қайта тапқандай. Ә.Нұрп. ~ Бозжігіт ағамыз көп жыл колхоз басқарды, жөпшеңкіні бетіне қаратпайтын ағамыз: «осы кісінің үндемей қадалатын көзінен жасқанам» деуші еді. Қ.Ысқ.