Қарсы уәж айта алмады, айтқанын екі етпеді. ~ Мұрданың сөзі – өзгелерге заң. Бұл руда оның бетіне қарсы келер жан жоқ. Көсеміне əкімдер қарсы болғанына өз адамдары таң қалды. Қалай батылы барды десейші! Ж.Айм. ~ Ақсақ, сірә, тегін ақсақ болмауы керек. Басқалар жым боп, жай-жайына кете барды. Бір де біреуі оның бетіне қарсы келмеді. Әкелген нәрселеріміздің бәрін біз соған қотарып беріп тындық. Б.Соқп. ~ Бойковтың бетіне қарсы келіп, сөз таластырайын десе, яки болмаса, әзірге құрғақ уәдемен шығарып салайын десе, оған батылдары бармайды. С.Ом. ~ Дүниеде әйелінен қорықпайтын еркек жоқ. Адам атаның өзі Хауа анамыздың бетіне қарсы келе алмаған көрінеді. Қ.Жұм.
