Posted in

БӘЗ-БАЯҒЫ (БӘЗ) ҚАЛПЫ

Еш өзгермеген. ~ Бұл өмір мен өлім арасында алмағайып күй кешу. Ал кең дүние, алуан бояулы кең дүние бәз-баяғы қалпы. С.Елу. ~ Қазір бәз-баяғы қалпы. Тек бұтағына іле салған мына бейтаныс жанның брезент дорбасынан құм бетіне тырс-тырс мөлдір тамшы үзіледі. С.Елу. ~ Арада бір он-он бес күн өткенде былтырғы татар жастары да бәз – баяғы қалпында қайта жетті. Ж.Ахм. ~ Шіркін, табиғаттың бәз-баяғы, сол бір керемет сұлу қалпы! Т.Бер.

Сол бұрынғы кейпі, жағдайы. ~ Жер шарының шаруасында еш нәрсе өзгермес үшін, бәрі де бәз қалпында қалуы үшін бұл ракеталар қиыр космосқа шығып, жер шарын айнала қоршап, тұрақты қамал құрмақшы… Ш.Айт. ~ … сұқ саусағы құйысқан батар қуысқа қаттырақ тигенде артына бажырайып бір қарады. Қисық мұрын бәз қалпы: түк сезбегендей, түк көрмегендей, қолды бір сілтеді. Қ.Ысқ. ~ Дәрменқұлдың әлгі де күреңіткен жүзі бәз қалпына түсті. З.Шүк.