Қырсыққа шалдықты, кесірі тиді. ~ Тамызда болатын бәйгеден бақ сынамақшы еді. Тер алған күні ақсаңдады да қалды. Ертеңіне шабуға мүлдем жарамады. «Бұған не бәле жабысты?» – деп дағдарды Қисықмойын. Т.Әл. ~ Көз ілмеген жалғыз Мақпал еді. Бойына бала біткенін білгені бәле болып жабысқандай. З.Шүк. ~ Кейінгі жастар ол Асқардың қай Асқар екенін де айырып жатқан жоқ. Әшейін жер аты секілді. Бірақ сол күмбез бұған кейін бәле боп жабысты. Т.Әбд. ~ Ал бір уыс ауыл екі бірдей арысынан тірідей айырылып, енді міне алты жастағы баласынан алпыс жастағы шалына дейін бар тірлігі қарағайды тоқтатып, Пантақтың өлігін іздеп өзен жағалады. Төрт ай дегенде су тартылып, атының өлігін тапса да, бәле боп жабысқан Пантақты таба алмады. Н.Абд.
