Дау-дамайдың шыққан тұсы, себебі. ~ Ата жолын қуса, алтын таққа анық мұрагер Сеңгінің ұлы – Сыбан – Рабтан екен. Бүгін ол бұның ырқынан шықпағанымен тап ертең сойыл соғарға келгенде бұлт етпесіне кім кепіл? Сүйеніш болса жақсы, күйінішке бастар бәле басы тағы сол Сыбан– Рабтан болса қайтпек. С.См. Дау-дамайдың шыққан себебі, сылтауы. * Бәленің басы Ситан сыболыш!.. Қасында жүріп-ақ қан қан қақсатып кетеді. Қ.Ысқ. * Алтай деген онсыз да қазақ ішіндегі бәленің басы боп, «Ұлы Гоминдаң үкіметіне» көз алартумен, керек десе бір рулы Шақабай керей күні бүгін бағынбай, тау жайлап соғысумен келе жатқан ел. Ж.Ахм. * Әне, бәленің басы осы құм мен теңіз арасында. Әлі сауыты қатпаған балғын тасбақаның етіне жерік жалмауыздар жан-жақтан андыздап берер. Ш.Мұрт. * Бәленің басы «сен неге қатын алмайсыңнан» басталып жүр. Қайта- қайта сүйкеніп, тілмен қажап, жуандық көрсететіндерін қайтерсің! Ә.Асқ.
