Posted in

БӘЛЕ ЖАПТЫ

Жалған айып тақты. ~ Қызғанғаның – қызыл итке… Оның үстіне Мұртаза байдың баласы деген қоңырауы бар, қос қатын алды деп тағы бәле жаба ма… Не керек, елден жесір кетті, жетім бала кетті. Сүйекке таңба болды. Жесір мен жетім ерден кетсе де, елден кетпеуші еді. Заман кері кетті… Ш.Мұр. ~ Дүйсен алдаса да, қорқытса да байлардан қымыз алдыртады. Бірақ өзінің де шақшадай басы шарадай болады. Қамбарлар: «Дүйсен бәйгені өзінің Бектемір әулетіне таратып жатыр»,- деп бәле жапты. А, құдай-тағала! Т.Әбд.