Күмәнді істен аулақ бол д.м. ~ Кімнің басына келсе, оңай салмақ болғандай? Бұның аты – бүлік! «Бәледен машайық қашыпты» деп, өзі әкелген бәлесін өзіне тастап, бас амандағаннан басқа айла-амал қалған жоқ» десіп ойласқан. М.Әу. ~ Нұрыбай балалары, қанша қан сорпа қылса да, ақы беріп жарытқан емес. Бәледен машайық қашыпты, қарақалпақтар бұл ауылдан запы болған, құтылғанша асығады. З.Шүк. ~ Әркімнің бір былығы бар. Сондықтан «бәледен машайық қашыпты, тапса үкімет өзі табар, таппаса менің шаруам қанша» дейді. Т.Әбд.
