Posted in

БӘРІ БІР БАС

Бәрібір, айырмасы жоқ. ~ Сорлы едім бір айтқан соң мойын бұрмас, Өлім мен уағда бұзған — бәрі бір бәс. Мәжнүнге сәлемімді айт, көре қалсаң, Құрбы едім бір жыл туған түйдей құрдас. Шәк. ~ “Өлімді жерде молда семіреді” – деп, биыл осы молдалар мен халфе, хазіреттер де жалақтап кеткен екен! – Құнығып алған-ау! Жас өлімі, жалғыз өлімі, жаны аяулы жақсы өлімі, жасы жеткен кемпір, шал өлімі, бұларға бәрі бір бас. Тек қымбат жаназа болса, түсім көп тиетін жер сезсе ғана бұлар жақсы. Онда шырайланып, сыпайыланып, жібектей есіліп кетеді! – деп қала халқы сырттарынан көп сын айтады. М.Әу.