Posted in

БӘРІН АЙТ ТА БІРІН АЙТ

Басқа әңгімеден бұрын, ең бастысын айтсам д.м. ~ Дей тұрғанмен, бəрін айт та бірін айт, осылардың бəрінің үстіне Қазақ университетінің өзгелерден ерек, бөлек тұрған айрықша аяулы қасиеті – Мұхтар Əуезовтің «Əуезов» болғаннан кейінгі күллі саналы ғұмыры түп-түгел осында өткені, ұстаздық еткені – лекция оқығаны, адам тəрбиелегені. З.Қаб. ~ Бәрін айт та бірін айт сондағы сөйлегендердің сөзін айтсайшы! Берия туралы түбіне дейін түп-түгел айтылды. Ш.Айт. ~ Бәрін айт та бірін айт, аюлардың жырын айт, сол күндері атам заманнан адам қолынан жылда-жылда ұшып, пышаққа түсіп жататын, ақыр соңы ашына-ашына осы үш күнде соңғы аламан-тасыр шабуылға шаққандай болған қорбаңбайларға тіл де тиді, жаптым пәле, жақтым күйе де аз он жоқ. М.Қаб.