Posted in

БИДАЙ ӨҢДІ

Қызыл шырайлы қоңырқай жүзді, ажарлы кескін туралы.
~ Қол айнасын алып, үлкен қоңыр көзінде сабыр бар, бидай өңді жүзін түндей қара шаш көмкерген, пісте мұрын әсем келіншектен көз алмай ұзақ қарады. С.Ел. * Бағана дәл осы арада бидай өңдi Күлбараммен ұшырасып қалған едi. Б.Алд. ~ Әй, дүние-ай десеңші, Үкібала бір кезде бидай өңді, қызыл шырайлының әдемісі еді ғой, қап-қара мойылдай көзі нұр шашып тұрмаушы ма еді. Енді міне, аузы опырылып, ұрты салбырап қалыпты. Ш.Айт. ~ Әкемнің қасында дворян картузын қолына ұстап ескі досы, доп-домалақ семіз помещик келе жатқан, күнқақты бидай өңді, қиықша көзінің ағындағы арыдай сап-сары дақтарына бала кезімнен таңырқай қараушы едім. И.Бун.