Жер-жебіріне жетіп тілдеді, жерден алып жерге салды. ~ Содан соң:– Бала-шағаңды бидайдай қуыратындай не көрінді саған. Оразаңды ашпай тұрып, одыраңдайсың кеп. О.Бөк. ~ Баяғы мұның бала кезіндегі, барған жерін бидайдай қуырып, қырып кете жаздайтын нұсқаушы – өкілдерді қазір еш жерден де таппайсың. Қ.Жұм. ~ Тұрмыс қажытқан бейшара кімнің еркелігін көтерер дейсің, «таз өшін тырнадан аладының» керімен, жуып кетсең, бидайдай қуырып жеп қоя жаздайды. Көзіне түсе бермейінші деп, күндіз көбінесе үйде отырмаймын. Т.Сәу. ~ Сол жақта жүріп көне ұйғырша шала-шарпы хат танып,
шала-шарпы моңғол тілін ұққан екен, сонысына қарап бақ бастығыауылнай етіп тағайындаған еді, «тырнадан жасауыл қойсаң – басыңнан қиқу кетпейдінің» кебін киіп, мына аласапыран уақытпен қабаттасып, бір жағынан ол бидайдай қуырып, жұрттан маза кетті. Ш.Рах.
