Адамның өз алдына қойған елеулі, маңызды, құнды мақсат-мүддесі. * Әкесінің жолын қуып, Россияға бет бұрады. Ендігі жерде ел билеу, қызмет істеу, зор атаққа ие болу, биік мақсатқа жету тек патша чиновниктерінің қыбын табу арқылы ғана болатынын, ол үшін орысша оқу, хат тану – осының бәрінің қажеттігін өзге феодалдардай емес, алыстан болжап біледі». Т.Жұрт. * Жұматай мен Есенғалидың жақсы өлеңдерінің өзіне сын айтқанда, олардың таланттарын, не табиғаттарын кемсіткендік емес, қайта жоғары бағалағандықтан биік мақсаттарға шақыру … тұрғысынан айтамыз. Ж.Нәж.
