Posted in

БИТ ТЕРІСІН БИЯЛАЙ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Жоқтан бар жасайтын, не нәрсені де пайдаға жарата алатын пысықтық туралы. ~ Ауылдағы
кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана
Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай
келеді» деп ұрысатын… Ж.Айм. ~ Батпа әрі көрікті, әрі бит терісінен биялай жасайтын
шебер болады C.Бег. ~ Егер қазақ «мал таппас еркек болмас құрарын айт» деген
болса, сол тапқанды басын біріктіріп үйелмен жасайтын, яғни бит терісін биялай жасайтын
әйел. Б.Қыд. ~ Мысық мұртын ширатып қой- ып,үй ішін ұры көзімен тінте қарады. «Бит
терісін биялай ететін пысық әйел-ау. Өзіміздің жаман қатынымыз әкеп бергенді де жөндеп
ұқсата білмейді». Ө.Кәр.