Мылжыңдап кетті, аузы көпіріп, көп сөйледі. ~ Ей, сорлы-ай, сен де бір айтқаныңды мың айтып мылжыңдап қоймайды екенсің! — деді. Бұл сөздерді Гүлсім де талай айтқан, Кәкіштің де құлағы жауыр болып, еті өліп кетсе керек-ті… Ә.Тар. ~ Немене, соншама түк көрмегендей қайта-қайта өзеурей бересің. Сүтемгенмен құда болғанға құдаймен құда болғандай. Бір айтқаныңды бүгін жүз айттың ғой. С.Жүн.
