Posted in

БІР АУЫЗ ӨЛЕҢ

Шағын ғана, қысқа қайырылған ән, өлең. ~ Нияз бір ауыз өлең айтқанда-ақ тыңдаушылар бір-біріне қарасып, сүйсініп бастарын шайқады. С.Сей. ~ Қыздар: «Мынау қай жақтан шыға келді?!» дегендей ауыздарын ашып қарай қалды. «Өзімді қошамет қып, əн салды ғой» деп, Күнікей бір ауыз өлеңді бітіре бергенде Шəмши бір қопарылып, мойнын бұраң еткізіп: – Əй, Күнікей-ай! Сен бір жанып тұрған отсың ғой! Е, көңіл ашар деп осыны айт! – деп көпшіктеген болды. Ж.Айм. * Жаңылдың есіне Ақан айтатын «Қыз сипаты» деген өлеңінің бір аузы түсті: «Алтыншы бір қыз келер толық сары, Бойына тең келмейді жанның бәрі. Лайықты өзіне тең таппаған соң, Кетпейді көкіректен қайғы-зары…» С.Жүн.