Тексіз, нашар. ~ Жаманнан туған жақсы бар, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар Күндердің күні болғанда, Бір аяқ асқа алғысыз. Шалкиіз ж. ~ Күндердің күнінде Жалмұқанның бір аяқ асқа алғысыз сорлы боп, қолдан жасалған әдебиетте «жағымсыз кейіпкер» атануы кімнің каперіне келген? Жалмұқан сондай бейбақ па, еді? І.Жақ. ~ — Еее, білемін оны! – деп күйіне жауап қатты батыр. – Бай баласы демесең бір аяқ асқа алғысыз, шөккен түйеге міне алмайтын мәнжубас ініміз бар еді, сол екен ғой! Н.Қам.
