Мөлшері едәуір, бір адамға жетерлік. * Көп түкірсе, көл деген. Бір басына жетерлік берекені Секен, міне, осылай жасайтын тәрізді. Бірді екі, екіні үш ете біледі. Б.Соқ. * Сахидың да ақалалығы бір басына жетерлік еді ғой, сол бетінде Санжар қарияның үйіне лап қойсын. А. Сей. * Қадыр-қасиеті бір басына жетерлік жігіт ретінде сұлудың жүрегін жауласам деген сәулелі үміті жалп етіп өшкенде, көкірегі удай ашыды. Т.Сәу. * Киноларда ешкімнің де төрт құбыласы тең болмайтыны секілді қыздың мұңы бір басына жетерлік екен. Дж.Сэл. ~ Бұның малайдан айырмашылығы — малайларды бір шыбықпен өзі айдайтын, содан түскен пайдасы – кертіп жесең таусылмайтын бір басына жетерлік бақ-дәулеті бар-тын. Қ.Ысқ.
