Бір қателік жасады, аяғын шалыс басты. ~ Ханның күреңітіп отырған беті қайтадан қуарып кетті. – Мақұл… Бұл мәселелер турасында ойланайын. Бір білместік болса, болған шығар… Ә.Кек. ~ Әкесінің бекерден– бекер «нервісін» қоздырғанына қызы да іштей өкінді. — Бір білместік болған шығар, — деді ақырында бәтеңкесінің тұмсығымен сызды топырақты сызғылап тұрып. Қ.Жиен. ~ Сонау қиянға Сүйінғара деп сабылғанша, бірден саған келсемші” деп, іштей егіліп кетті. – Уа, Әлеке! Жолы үлкен ағайым едің. Мен адасыппын. Қасымдағы бауырым сен тұрғанда, мен ақылдасуға Сүйінғараға барыппын. Ініңнен бір білместік кетіпті, – деп ақтарыла салды. М.Әбд. ~ Оны өлтірсеңдер, мына кішкентай балаға кім пана болады? Бұлар жансыз емес. Бұған сенбесеңдер, мен кепіл болайын. Бір білместік қылған екен. Енді ешқайда қашпас. Бір кезек қателігін кеше көрің. Ү.Жлк.
